Kyzylorda-news.kz   Партияның қалалық филиалының жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.

Күн тәртібінде:

1.         «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасының Қызылорда қаласы бойынша іске асырудың Жол картасы төңірегіндегі Өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту, елді мекендерді аяқ сумен қамту шараларының жүргізілуі жайлы;

2.         2024 жылдың ақпан айында ПБК отырысында қаралған мәселе бойынша Белкөл кентіндегі темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған көпірі және Н.Назарбаев даңғылы мен Ділманов көшелерінің қиылысындағы көпірдің мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған көтергіштерін қалпына келтіру;

3.          2024 жылдың қаңтар айында ПБК отырысында қаралған «Ауыл аманаты» жобасы бойынша қаржыландырылған жобалардың жұмыс жасау барысы туралы мәселелер талқыланды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселесі бойынша баяндама жасаған «Жасыл Қызылорда» мекемесінің басшысының орынбасары Талғат Фазылов:

Жалпы жергілікті бюджеттен 686,2 млн теңге қаражат бөлінді. Оның ішінде атап айтқанда, 200 қызметкердің айлығын қамтамасыз ету мақсатында - 370,8 млн теңге, әкімшілік ғимаратына қажетті жиһаздар сатып алуға - 5,8 млн теңге және мекемеге гүлдер, ағаш көшеттері, тыңайтқыштар,сонымен қатар құрал жабдықтар сатып алуға – 209,1 млн теңге қаражат бөлінді.

Сонымен қатар, қаланы аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында қажетті материалдар cатып алу мақсатында жергілікті бюджеттен қосымша 100,5 млн теңге бөлінді.

«Жасыл Қызылорда» КММ-нің негізгі бағыттары қаламызды көгалдандыру мақсатында каналдар мен арық жүйелерін тазалау, жер асты ұңғыма арқылы  және насостар арқылы аяқ су беру, сквер аллеялар мен орталық көшелердегі гүлзарларға гүл егу, көгалды күтіп ұстау, қураған ағаштарды кесу және балақтау жұмыстары болып табылады. Осы аталған жұмыстар ағымдағы жылдың басынан бастап жүргізілуде,-деп мәлімдеді.

Қазірде қаламызда орналасқан Жібек жолы және Сарқырама каналдары толық тазаланып болды және қазіргі таңда Қызылжарма, Қалалық, Табиғат каналдарын және қала ішілік арық жүйелерін бекітілген кестеге сәйкес күнделікті тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Орталық көшелердегі талдарды балақтау жұмыстары 2024 жылдың ақпан айында бекітіліп, тиісті жұмыстар уақытылы атқарылуда және бұдан бөлек «Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» бөлімі арқылы тұрғындардан түскен өтініштерге сәйкес қаладағы қураған және адам өміріне қауіпті жерлердегі талдарды кесу несесе балақтау жұмыстар атқарылып келеді.

2022-2023 жылдар аралығында 27 дана бұрғылау жұмыстары жүргізілген ұңғымаларды және  бұрыннан аяқ су беріліп келе жатқан ұңғыларды да аяқ су беру маусымына дайындық жұмыстары мекеме мамандарымен ұйымдастырылған.

Күн тәртібіндегі екінші  мәселе бойынша баяндама жасаған қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі басшының м.а Дархан Бақтияров: Қаладағы Мұратбаев көшесі мен Яссауи көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер көпіріндегі сыртқы әсерден  істен шыққан көтергіш мердігер мекеме тарапынан қалпына келтірілді. Қазіргі таңда, жаяу жүргіншілер көпірінің көтергіші уақытша тоқтан ажыратылды.

Сонымен қатар, аталған мердігер мекеме тарапынан демеушілік есебінен Назарбаев даңғылы мен Ділманов көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер көпірінің көтергіші қалпына келтіріліп, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін көтергішті пайдалануға ешқандай кедергі жоқ.

Бұдан бөлек, 2023 жылдың басында пайдалануға берілген Белкөл кентіндегі жаяу жүргіншілер көпірі бойынша мердігер мекеме тарапынан көпірдің көтергіші және өзге де элементтері сыртқы әсерден яғни қасақана жасалған әрекеттен істен шыққандығын алға тартуда.

Аталған көпірлерге қатысты вандализм әрекеттері бірнеше рет орын алғанын ескеріп, Облыстық полиция департаментіне аталған аумақты бейнебақылау камераларымен қамтамасыз ету туралы ұсыныс хаттар жолданды. Себебі, қазіргі таңда құзырлы органдар тарапынан вандализм әрекеттерін жасаған азаматтар анықталмай, жауапкершілікке тартылмауда,-деп мәлімдеді.

Аталған мәселе бойынша Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, тұрғындарға жайлы жағдай қалыптастыру мақсатында аспалы көпірлерге бейнебақылау камерасын қою керектігін, мәселені оңтайлы шешу тетіктерін қарастыруды тапсырды.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша баяндама жасаған қалалық кәсіпкерлік және  өнеркәсіп бөлімі басшысының м.а. М. Жетілгенов бүгінде қалаға қарасты елді мекендерде «Ауыл аманаты» жобасы аясында кәсібін бастаған азаматтар жайлы ақпарат берді.

«Ауыл аманаты» жобасы аясында өткен жылы 253,1 млн. теңгеге 27 жоба несиелендірілген болатын.

Оның ішінде, өңдеу өнеркәсіп саласында 14 жобаға 112, 859 млн. теңге, мал шаруашылығында 7 жобаға 74,4 млн. теңге, егін шаруашылығында 5 жобаға 55,2 млн. теңге және қызмет көрсету саласында 1 жобаға 8,6 теңге бағытталды.

Жалпы қаржыландырылған 27 жобаның 25 толық іске асырылды.

Партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асқан «Ауыл аманаты» жобасының жемісті нәтижесін тұрғындарға дәріптеу мақсатында Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері аталған кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарымен танысатынын жеткізді.

8910dacd-89b3-47da-8757-4131489bec78.jpg

Тағы да оқыңыз: