**[Kyzylorda-news.kz.](https://kyzylorda-news.kz/) «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы «Баланы мектепке даярлайық» акциясына қолдау көрсетуге шақырды.** «AMANAT» партиясының бастамасымен биылғы жылдың 15-25 тамызы аралығында республика бойынша кең көлемде «Баланы мектепке даярлайық» акциясы бастау алды. > «Партияның «Бақытты отбасы» жобасы шеңберінде қолға алынып отырған акцияға партияның облыстық филиалы да өз үлесін қосуда. Осы жұмыстар аясында өңірде көмек алушылар мен жобаға демеуші ретінде қатысуға ниетті партияластарымыз бен жақтастардың тізімдері нақтыланды. Аталған жұмыстар жоспарға сәйкес басталып кетті», – делінген хабарламада. Мұнан бөлек бүгін партияның облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мен арнайы мониторингтік топтың бірлескен отырысы өтіп, акция аясында мектеп құрал-жабдықтарын сатумен айналысатын кәсіпкерлермен бағаны тұрақты ұстау және тауарлардың көпшілікке қол жетімділігін арттыру бойынша арнайы кездесу өтті. Жиында мәселені оңтайлы шешуге қатысты түрлі ұсыныстар ортаға салынды. Өз кезегінде акция аясындағы барлық шаралар партия филиалының бақылауында болып, мектеп жабдықтарының қол жетімділігін арттыру бойынша жұмыстар жалғасатын болады. ![](https://kyzylorda-news.kz/wp-content/uploads/2022/08/299828145_440136961485279_7591007382300809700_n.jpg) ![](https://kyzylorda-news.kz/wp-content/uploads/2022/08/299653177_440137004818608_507980689075892485_n.jpg)