«AMANAT» партиясының Партиялық бақылау комитетінің отырысы өтті.

Отырыста партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол карталарының Қарағанды, Алматы және Павлодар облыстарында орындалу барысы қаралып, Партиялық бақылау комитетінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Жиынға бейнебайланыс арқылы өңірден партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы, облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясы төрағасының орынбасары Мақсұт Нәлібаев, облыстық экономика және қаржы басқармасы басшысының орынбасары Дастан Баймаханов және партиялық бақылау инспекторы Алтынбек Жарылқасынов қатысты.

FB_IMG_1766294025568.jpg

Тағы да оқыңыз: