maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz. Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының мобильді көшпелі қабылдау тобы Қармақшы ауданына қарасты Жаңажол және Жалағаш ауданында Аққұм ауылдық округтірде болып, халықтың толғандырға сауалдарына жауап берді. Қабылдауға партияның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Азамат Біржанов арнайы келіп қатысты.

Жалпы 2 елді мекенде ұйымдастырылған мобильді қабылдауға 40-қа жуық тұрғын келді. Өтініштердің басым бөлігі жер, аяқ-су, жол, ауыз-су, денсаулық, білім саласы, әлеуметтік нысандар құрылысына қатысты болды.

Мәселен, Дүр Оңғар ауылының тұрғыны, Нұрсерік Бохаев ауылішілік жолдарды жөндеу, ауыл ішіне газ тарту сияқты түйіткілді мәселелерге шағым білдірді.

«Ауылда жолдардың сапасы нашар. Қысы-жазы жол жүру қиындық туғызады. Ауылдағы тағы бір түйіткілді мәселе – газ. Қазір көмір, ағаш қымбат. Көгілдір отын тартылса, ауылға көшіп келушілер саны көбейер еді. Бүгін «АМАNAT» партиясының мобильді бригадаcы азаматтарды қабылдап жатыр. Партияның қолдауымен жол салынып, газ келеді деген үмітіміз бар», — деді Нұрсерік Бохаев.

Ауылды газдандыру бойынша келесі жылы жобалық-сметалық құжат дайындалып, 2024 жылы ауылға көгілдір отын тарту жоспарланып отыр. Сонымен қатар, ауыл ішіндегі жолдарға бюджеттен қаражат бөлінген. Жолды жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылмақ. Бұл бағыттағы жұмыстарды ауыл әкімі Әбимүсілім Қоқанов кеңінен түсіндірді.

Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің негізгі жұмысы тұрғындардың өтініштерін қараумен қатар, ел игілігіне бағытталған жобаларды түсіндіру, насихаттау болып табылады. Осы орайда Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Азамат Біржанов азаматтарды қабылдау барысында тұрғындар көтерген мәселелер назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын кеңінен түсіндірді. Яғни, Ұлы құжаттың халықтың әл-ауқатын арттыруға және саяси трансформацияны іске асыруға бағытталып отырғандығын жеткізді.

Тағы да оқыңыз: