«AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы мәдениет пен өнерді қолдауға бағытталған «Мiras» аймақтық кеңесінің отырысы өтті.
Жиында партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша мәдениет объектілерін салу мен жөндеу, электрондық кітапхана объектілерін қалыптастыру бойынша өңірде атқарылып жатқан жұмыстар барысы талқыланды.
Отырысқа партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, мәдениет пен өнер саласы өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хабарлама жасаған облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Ғалия Байсынова өңірде партияның сайлауалды бағдарламасы аясында мәдениет саласы бойынша соңғы 3 жылда жаңадан 19 мәдениет нысаны бой көтерді. Оның ішінде 8 - ауылдық клуб, 7 -«Руханият орталығы» және Анаға тағзым, Отбасы, Өнер орталықтары мен облыстық тарихи-өлкетану музейі бер екенін атап өтті.
Сондай-ақ, кітапхана процестерін автоматтандыру мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхана республикалық деңгейде автоматтандырылған WEB-РАБИС, зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана АИС СБ РК ал, аудандық және ауылдық кітапханалар РАБИС бағдарламаларымен жұмыс жасап жатқанын жеткізіп, оқырмандар қажетті ақпаратты жылдам іздеу үшін электронды каталогты да пайдалана алатындығын айтты.
Кеңес төрағасы Баймырза Қожамберлиев сайлауалды бағдарлама аясында өңірде мәдениет пен өнер саласында көп жұмыс істелгендігін атап өтіп, кітапхана мәселесіне қатысты бұған дейін жолданған ұсыныстардың орындалуына басқарма өкілдерінің назарын аудартты.
«Өздеріңізге белгілі республикалық кеңестің өңірде өткен көшпелі отырысында қаладағы А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана көпқабатты тұрғын үйдің астыңғы қабатында орналасқандықтан тұрғын үйдегі су, жылу құбырларының жарылуынан төбесінен су кету секілді келеңсіздіктер орын алатындығы, №13 балалар кітапханасының орналасқан жері білім алушыларға қолайсыздық тудырып отырғанды туралы мәселе көтеріліп, басқармаға мәселені зерттеп, шешуге қолдау көрсету жөнінде ұсыныстар жолданды. Бізге есеп емес, нәтиже қажет», - деді Баймырза Қожамберлиев.
Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айдын Қайруллаев көтерілген ұсыныстар бойынша бүгінгі таңда мәселе жоқ екенін атап өтіп, қала әкімдігінің тікелей бақылауында екенін жеткізді.
«А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана бойынша көпқабатты тұрғын үйлердің жылу құбырлары ауыстырылды. Қазір кітапхана үстіне пәтерлерден су кету қауіпі жоқ. №13 балалар кітапханасы бойынша мәселе бақылауда. Алдағы уақытта жаңа ғимаратқа көшірудің жолдары пысықталуда», - деді ол.
Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселелер толық талқыланып, кеңес мүшелері тарапынан жұмысты ауылдық жерлердегі кітапханалар жағдайын жақсарту, мәдениет саласындағы мамандар тапшылығын жою, шет аймақтарда мәдени үйірмелер ашу секілді нақты ұсыныстар айтты.

