Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы «Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының бюджет процесіндегі рөлі» тақырыбында тағылымды оқыту семинарын ұйымдастырды. Оқыту барысында депутаттардың бюджеттік саясаттағы құзыреттерін арттыру, жергілікті бюджетті жоспарлау, қарау және бекіту кезіндегі рөлін күшейту мәселелері пысықталды.

Сабақты облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Балжан Шәменова жүргізіп, бюджеттік процестің өзекті тұстарына жан-жақты тоқталды.

Оқытудың негізгі мақсаты- мәслихат депутаттарының бюджеттік процестерге қатысу құзыреттерін кеңейту, жергілікті атқарушы органдармен тиімді өзара іс-қимыл орнату дағдыларын дамыту, бюджет саясатының ашықтығы мен есептілігін арттыру және қаралған қаражаттың нәтижелілігіне мониторинг жүргізу тетіктерін жетілдіру.

Іс-шараға аудандық мәслихаттардың экономика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының, Қызылорда қалалық мәслихатының экономика, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік сала және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының және облыстық мәслихаттағы экономика, әлеуметтік сала және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағалары қатысты.

Оқу барысында депутаттар бюджеттік жоспарлау, мониторинг жүргізу және атқарушы органдармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша бірқатар сұрақтар қойып, өздеріне қажетті түсіндірмелер алды.

Бұл оқыту өңірлік депутаттардың кәсіби әлеуетін арттырып қана қоймай, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бюджет саясатының сапалы жүзеге асуына ықпал ететін болады.

1Мәслихат депутаттарының бюджеттік құзыреттерін арттыру бойынша оқыту ұйымдастырылды.jpg

Тағы да оқыңыз: