Kyzylorda-news.kz. Сыр өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев «Анаға тағзым» орталығы жұмысымен танысты. Мұнан соң түрлі салада еңбек етіп жүрген іскер жастармен кездесіп,олардың ұсыныс пікірлерін тыңдады.
«ІТ парк Грант мастер» бағдарламалар мектебінің директоры Алмат Қуанышбаев өңірде ІТ білім беру бағытында жасалып жатқан жұмыстарды атап өтіп, жастар арасында ІТ білім беруді кеңейту сонымен қатар, колледждер мен жоғары оқу орындарындағы ІТ білім беретін оқытушылардың жалақасын көтеру ал, Нұржан Оңалбек жас стартаптарды әдістемелік қолдау, сонымен қатар азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру бағытында ұсыныс білдірді.
Кездесу барысында ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев әрбір ұсынысқа ерекше мән беріп, осы бағыттарда атқарылып жатқан жұмыстарды жеткізді.
«Құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттыру ең өзекті мәселе. Азаматтар көп жағдайда құқықтық сауаттылықтың төмендігінен түрлі мәселелер туындап жатады. Осы мақсатта «AMANAT» партиясы «Құқықтық кеңес» және «Қарызсыз қоғам»атты партиялық жобаларды қолға алды. Фракция мүшелері мұны Мемлекет басшысына дейін жеткізді. Бүгінгі күні Президент қолдап, бүгінгі күні барлық өңірдерде жүзеге асуда. Алдағы уақытта өз нәтижесін беретіндігіне сенімдімін»,- деді Елнұр Бейсенбаев.
Кездесу барсында «Жастар рухы» қалалық филиалының жетекшісі Нұрбол Серікбай төтенше жағдай кезінде еріктелердің жылдам көмегін ұйымдастыруға бағытталған «Қызу желі Қызылорда» жаңа жобасы жобасын танысытырды.
Фракция жетекшісі жобаның мыңыздылығын ескере отырып, «Жастар рухының» жаңа жобасына сәттілік тіледі.
«Рух» ұлттық спорт түрлері клубның иесі Ринат Есенбек ұлттық спорт соның ішінде «Садақ ату» өнерін дамыту бағытында ұсынысын айтып, фракция жетешісіне нысанаға дәл тигізуді үйретті.
Кездесуге ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетов, партияның облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов қатысты.