Kyzylorda-news.kz Облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Нұрымбетов Жорабек Ибрагимұлы бүгін партия алаңында кестеге сай қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында тұрғындар Тасбөгет кентіндегі автомобиль жолдарын жөндеуге қатысты, мемлекеттің әлеуметтік қолдау шаралары мен көшеге атау беру сынды тақырыптарда өтініштері мен ұсыныстарын ортаға салды.
Фракция жетекшісі азаматтардың мәселелері бойынша жан-жақты зерттеу жүргізіп, жүзеге асырылуына жұмыс жасайтынын жеткізді.
Қала әкімдігінің жауапты қызметкерлерімен хабарласып, мәселені оңтайлы шешу бойынша ұсыныстар берді.
Сонымен қатар, келушілерге партияның бағдарламасында қамтылған бағыттарды таныстырып, фракция тарапынан атқарылған жұмыстарды атап өтті.
Қабылдау барысында аталған барлық мәселе жеке бақылауында болып, жүзеге асырылуы бойынша тиісті шаралар қабылданатынын жеткізді.
