Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдады.
Төрағаның жеке қабылдауына келген қала тұрғыны әлеуметтік жағынан әлсіз топ қатарына жататынын білдіре отырып, несие бойынша қарызын өтеуге ықпал етуді сұрады.
Мәселемен жан-жақты танысқан Алмасбек Әбілқасымұлы тиісті орындарға хат жазу арқылы, заңнамаға сәйкес көмек көрсетілетінін түсіндірді.