Kyzylorda-news.kz"Бақытты отбасы" партиялық жоба аясында партияның Жалағаш аудандық филиалына қарасты “Таң ауылдық округі” бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен, 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Туған жердің тарландары» атты еңбек озаттарымен кездесу өтті.
Іс-шараға «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева қатысып, 2025 жылдың Жұмысшы мамандықтар жылы екенін нақты түсіндіріп өтті. Ол өз сөзінде еңбек озаттарын құттықтап, еңбек саласында қызмет етіп жүрген ардагерлер мен сала мамандарын дәріптеу – партияның басты назарында екенін атап өтті.
Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген мамандар оқушылармен өз салаларындағы өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Ашық пікір алмасу форматында өткен шарада еңбекке құрмет пен мамандыққа адалдық туралы тағылымды ойлар айтылды.
Кездесу соңында еңбек озаттарына «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының төрағасы атынан Алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табысталды.
Еңбек – елдің тұғыры, ардақты еңбек иелері – ұрпаққа үлгі!
