Kyzylorda-news.kz. «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының мәжіліс залында партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы және Өңірлік даму жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті.

Отырыста Қызылорда облысындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мен халық табысын арттыру барысында атқарылып жатқан жұмыстар жайында ой қозғалды. Сонымен қатар аймақтағы Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуы, жұмысшылардың еңбек құқығын қорғау бағытындағы жұмыстар жайы қаралып, талқыланды.

Мәжілісті Өңірлік даму және экология жөніндегі Қызылорда облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Қожахметов Ильяс Әбдіқайырұлы ашып берді.

Төраға күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталып өтіп, бұл мәселелер бойынша отырыста мәлімдеме жасайтын баяндамашыларды таныстырып өтті.

Жиында тиісті сала басшылары көтерілген мәселелер бойынша облыста атқарылып жатқан жұмыстар жайын баяндап, алдағы міндеттер мен жоспарларды, өз ойларын ортаға салды.

Бірлескен отырыс барысында жиынға қатысушылар талқыланған тақырып бойынша ұсыныстарын білдіріп, алдағы уақытта атқарылуы тиіс мәселелерді пысықтады. Олар жұмысшылардың мәселелері назардан тыс қалмайтынын айтып, еңбек заңнамасын барлық жұмыс беруші сақтау қажет екенін ескертті.

Тағы да оқыңыз: