Kyzylorda-news.kz Партия алаңында облыстық мәслихаттағы “AMANAT” партиясы фракциясының мүшесі Мұхтар Ниязов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан бірқатар әлеуметтік және жеке сипаттағы мәселелер көтерілді.  Атап айтқанда, тұрғындар денсаулыққа байланысты қаржылай көмек көрсету, жұмысқа орналасу, тұрғын үй-коммуналдық мәселелер және инфрақұрылымға қатысты өтініш-тілектерін жеткізді.

Сонымен қатар, көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету, білім алушы жастарға қолдау білдіру, сондай-ақ қайырымдылық көмекке мұқтаж азаматтарға жәрдем беру мәселелері де назарға алынды. 

Әрбір өтініш бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, заң аясында шешу жолдары қарастырылды. Қабылдау қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерге байланысты жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді. Өтініш иелеріне заң талаптарына сәйкес бағыт-бағдар беріліп, кейбір мәселелер бақылауға алынды.

Тағы да оқыңыз: