Kyzylorda-news.kz Облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ержан Искендер партия алаңында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындар медициналық сақтандыру және әлеуметтік көмек бойынша өтініш-тілектер білдірді.
Көтерілген мәселелер бойынша фракция мүшесі қайырымдылық көмек көрсету мүмкіндіктерін түсіндіріп, тиісті мекемелермен бірлесіп, өтініштерді заң аясында қарастыру және оңтайлы шешу жолдарын зерделеу бағытында жұмыс жүргізетінін айтты.
Сондай-ақ өтініш иелеріне қосымша хабар берілетіні жеткізілді. Қоғамдық қабылдау қорытындысы бойынша барлық өтініштер бақылауға алынып, тиісті жұмыстар атқарылатын болады.
