Kyzylorda-news.kz ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мархаббат Жайымбетов пен Мұрат Әбенов Сырдария ауданына жасаған жұмыс сапары барысында А.Тоқмағанбетов ауылдық округінде болып, ауыл тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында Мәжіліс депутаттары сегізінші шақырылымның үшінші сессияында атқарылған жұмыстар туралы айтты.

«Бірер күн бұрын біз «AMANAT» партиясы фракциясының жиынында Мәжілістегі сегізінші шақырылымының үшінші сессиясында атқарылған жұмысты қорытындыладық. Қабылданған заңдардың саны мен шешілген мәселелердің ауқымы жағынан алып қарайтын болсақ, бұл саяси тұрғыда мазмұнды кезең болды. Парламент Әділетті Қазақстанды құру жолындағы реформаларды жүйелі жүзеге асыруда. Жалпы, біздің партияластар 62 заңға бастамашылық етті. Бұл құжаттар барлық парламенттік фракциялардағы әріптестерімізбен бірлесе жүргізген үйлесімді жұмыстың, Үкіметпен, сарапшылармен және азаматтық қоғаммен өзара сындарлы іс-қимылдың нәтижесіне айналды. Сөйтіп, VIII шақырылымда заң жобаларына барлығы 5300-ден астам өзгертулер мен түзетулер енгізілді және 626 депутаттық сауал жолданды, – деді Мархаббат Жайымбетов.

 

«Парламент Мәжілісіндегі «AMANAT» фракциясы атқарған жұмыс қорытындысы жөнінде айтар болсақ, азаматтардың мүддесі мен мемлекеттің дамуы – басты назарда. «AMANAT» партиясы фракциясы VIII шақырылымның үш сессиясы аясында Президент Жолдаулары мен партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жүйелі және нәтижелі жұмыс жүргізуді жалғастырды. Қабылданған бастамалар негізгі салаларды қамтыды: экономика, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, цифрлық инфрақұрылым және азаматтардың құқықтары. Фракция барлық заң жобаның 82,6%-на бастамашылық етті, тұрғындармен 4 мыңнан астам кездесу өткізді және азаматтардың өмірінде орын алған нақты өзгерістерге қол жеткізді. Біз сайлаушылардың ұсыныс-пікірін алдағы уақытта да ескеріп, нақты жұмыстар атқаратын боламыз. 1 шілде күні Сыр еліне депутаттық қызмет сапарымен келдік. Саяси тілде «каникул» деп аталып кеткен, шын мәнінде парламенттік жұмыстың өңірлік деңгейде жалғасуы. Кесте бойынша іс-шаралар, күніне бірнеше кездесулер, жеке қабылдау жоспарланған. Әріптесім Мархабат Жайымбетов бірге өңірді аралап, өндірістік жобалармен танысып, экономикалық әлеуметтік саладағы қалыптасқан жағдайды өз көзімізбен көріп, сайлаушылармен кездесеміз», – деді Мұрат Әбенов.

Кездесуде ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.

Фракция мүшелері тұрғындармен кездесу Сырдария 2.jpg

Тағы да оқыңыз: