“AMANAT” партиясы облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай Байқоңыр қаласында болып, партия активімен кездесті.

Актив отырысында Байқоңыр филиалының атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов 2025 жылдың 12 айдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстары туралы есебін баяндады.

“Байқоңыр қаласы, Төретам кенті мен Ақай ауылдық округі бойынша 8 бастауыш партия ұйымдарының ұйымдастыруымен 2025 жылы 140 шара өткізілді. Атап айтқанда, “Ардагерлерді ардақтайық” партиялық жобасы аясында 32 шара, “Бақытты отбасы” партиялық жобасы аясында 21 шара,  “Кедергісіз келешек” партиялық жобасы аясында –   22 шара, “Кітап - AMANAT” жобасы –  17 шара, “Менің елім – менің тілім” жобасы - 4 шара,  “Ұлттық мұра” жобасы - 13 шара, “Qaisar” әскери-патриоттық жобасы - 4 шара, “Таза Қазақстан” жобасы бойынша – 11, мерекелік және спорттық  шаралар – 16. Одан бөлек “AMANAT” партиясы Қызылорда аймақтық және аумақтық филиалдарының желілік кестесі бойынша 79 шара өткізілді”, - деді партияның Байқоңыр филиалының атқарушы хатшысы М.Есбенбетов.

Сонымен бірге Байқоңыр филиалының партиялық бақылау комиссиясының жұмыстары туралы Сейл Жұмадьяровтың да есебі тыңдалды.

Мұнан бөлек  “Жастар” бастауыш партия ұйымының тынысын ұйым жетекшісі Ақерке Абдиканиева баяндады.

Атқарылған жұмыстармен танысқан партияның облыстық филиалдың төрағасы Жандос Базартай партия тарапынан берілген тапсырмаларының орындалуын қатаң бақылауға алу, қоғамдық қабылдау бөлмесіне тұрғындардан келіп түсетін өтініштердің оң шешілуіне ықпал ету, бастауыш партия ұйымдарының жұмысын күшейтіп, олардың рөлін арттыру жөнінде атап айтты.

Актив жиынында партия қатарына жаңа мүшелермен толығып, бірқатар белсенді партияластарға Алғыс хаттар табысталды.

FB_IMG_1769801730115.jpg

Тағы да оқыңыз: