Kyzylorda-news.kz.   «AMANAT»партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азамаматтарға жайлы орта қалыптастыру бастамасымен әлеуметтік нысандарға мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

Мониторинг тобы құрамына депутаттық фракция мүшелері, қоғам белсенділері және партия өкілдері жұмылдырылып, шаһарымыздағы әлеуметтік ғимараттардың пандустары, шақыру қоңыраулары және сары жолақтарына зерделеу жұмыстары жалғасуда.

Жұмыс барысында мониторинг тобы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жасалған  инфрақұрылым жағдайымен танысып, олқылық анықталған жағдайда түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді.

Аталған жоба аясында бүгін мониторинг топ мүшелері «Қорқыт ата» атындағы Қызылорда университетінің Студенттерді сарайы, №7 оқу ғимараты, «Зерде»  интелектуалды мектебі  және «Зияткер» инновациялық лицейінде болды.

Мониторинг барысында ғимаратқа кіре берістегі арнайы қоңыраулардың дұрыс жұмыс жасамауы немесе  мүлдем болмауы, мүгедектігі азаматтар кіретін арнайы жолдар құлыпталынып қойылғаны анықталып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

20b44f75-9245-445e-8e6f-c5481e8942ba.jpg

Тағы да оқыңыз: