Kyzylorda-news.kz Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар жаңа заң жобаларын жұмысқа алып, мемлекеттік наградалар туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп жазады Egemen.kz.
Мемлекеттік наградалар тізбесінен Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы ұғымы алынып тасталды.
Оның орнына ел мүддесін қорғауда көрсеткен ерлігі, батырлығы, қаһармандығы үшін және адам өмірін сақтап қалуға байланысты жағдайларда қайтыс болғаннан кейін мемлекеттік наградалармен марапаттау мүмкіндігін заңнамалық тұрғыдан бекітеді.
Енді «Алтын алқа» және «Күміс алқа» тек Қазақстан азаматтарына беріледі. Осыған байланысты аналардан Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы талап етіледі.
Сондай-ақ, ордендер мен медальдарды, төсбелгілер мен оларға арналған құжаттарды толығымен немесе сыртқы түрі не атауын мемлекеттік наградаларға ұқсас етіп белгілеуге және дайындауға тыйым салынады.
Фото: gov.kz