Kyzylorda-news.kz Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы алғашқы жарты жылда аймақтық және аумақтық филиалдармен атқарылған жұмыстарды қорытындылады.
Партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмхановтың төрағалығымен өткен жиынға партияның аумақтық филиалдарының атқарушы хатшылары, облыстық филиалдың жауапты бөлім басшылары, «Жастар Рухы» ЖҚ облыстық филиалының төрағасы қатысты.
«AMANAT» партиясы Мемлекет басшысының қоғамдық тірегі ретінде оның барлық бастамалары мен саяси реформаларын толық қолдау жұмыстарын жүргізіп келеді. Осы орайда 2023-2027 жылдарға жоспарланған «Халықпен бірге!» - деп аталатын Сайлауалды бағдарламасын өңірде нақты жүзеге асыруға бағытталған Жол картасында ағымдағы жылға 110 іс-шара жоспарланып, есепті мерзімде оның 15,5% орындалған, 81,8% іс -шара орындалу сатысында.
Партияның облыстық филиалы жанында түрлі бағытта 8 кеңес пен 1 комиссия жұмыс жасаса, ағымдағы жылдың 6 айында олардың 85 отырысы өтіп, оларда 139 мәселе қаралған. Нәтижесінде 547 ұсыныс көтеріліп, тиісті органдарға жолданған.
Жергілікті мәслихаттардағы депутаттық фракциялардың 30 отырысы өтіп, фракция мүшелерімен 772 депутаттық сауал жолданған. Сайлаушылармен 354 кездесу ұйымдастырылса, әкімдер мен орынбасарлары фракцияларда есептерін беріп, қоғамдық қабылдаулар өткізген.
Партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне азаматтардан 4136 өтініш тіркеліп, оның 65,4% оң шешімін тапқан. 1372 мәселе бойынша нақты заңнамалық кеңес берілген. Сонымен қатар, 63 елді мекенде мобильді қабылдау ұйымдастырылып, оларда өтінішпен келген 629 тұрғынның 409 мәселесі шешімін тапты. 208 азаматтың мәселесіне қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілген.
Жиын барысында атқарылған жұмыстарға тоқталып өткен партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов жұмысты әлде де жетілдіруді қажет ететін бағыттар бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
«Өздеріңізге белгілі біз ең алдымен халыққа берген сайлауалды уәдемізді орындауымыз керек. Жол картаға түскен әрбір іс-шараның уақытылы, сапалы жүзеге асуы қатаң бақылауға алыңыздар. Екіншіден, партияға сенім артып өтінішпен келген азаматтардың мәселесін мүмкіндігінше шешуге жұмыс жасау қажет. Әрине, көп мәселелер қаржыға және уақытты талап етеді. Келген азаматқа мұны түсіндіріп, заңнамалық тұрғыда кеңес беру керек. Әрбір нысаналы топқа бағытталған партиялық жобаларымыздың өз мақсатына сай жүзеге асуын қамтамасыз етіңіздер. Жасалған жұмыстар халыққа кеңінен насихатталуы керек»,- деді Алмасбек Есмаханов.
Атап өтейік есепті кезеңде партия филиалдарымен бұқаралық ақпарат құралдарында 1138 материал жарық көрсе, партия филиалдарының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында 7 мыңға жуық жазбалар жарияланған.