Алматыға басқа облыстардан қатынайтын жұмыскерлер кіргізілмейді – Kyzylorda News
Басты бет

Алматыға басқа облыстардан қатынайтын жұмыскерлер кіргізілмейді

18.03.2020, 15:20

485 0

Kyzylorda-news.kz. Алматыға облыстан қатынайтын жұмыскерлерге жұмыс берушілер ақылы демалыс беруі керек. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев мәлімдеді.

«Қазір қала әкімдігі үшін ең басым бағыттардың бірі – жұмыс орындарын сақтап қалу. Көп жұмыс орындарының қызметкерлері облыстан қатынайды. Егер жұмыс берушіде мүмкіндік болса, оларды 1 айға ақылы демалысқа жіберу керек. Егер оған мүмкіндік болмаса, жұмыскерлерге Алматыдан уақытша орын тауып, орналастыру керек. Қазір жатақхана, хостел, қонақ үйлер босап жатыр. Карантин кезінде облыстан қатынайтын қызметкерлерге арнайы рұқсат берілмейді. Жұмыс берушілер қазірден бастап түнгі 24.00 дейін осы мәселені шешуі тиіс», – деді С.Тұяқбаев.