Kyzylorda-news.kz Алматыда жеке сот орындаушысы әлеуметтік маңызды санаттағы істердің өндіріп алу бағыты бойынша бірқатар заңбұзушылыққа жол берген. Бұл туралы қала прокуратурасы мәлім етті деп хабарлады kaz.inform.kz

Ведомстводан атап өткендей, алимент өндіріп алуға байланысты 6 атқарушылық іс жүргізу кезінде заңбұзушылықтар анықталды.

«Сот орындаушысы іс жүргізулерді бір өңірден екінші өңірге негізсіз жолдай отырып, жасанды жолмен созған. Сондай-ақ, бұғаттауларды заңсыз алып тастау, берешектерді өндіріп алу бойынша шараларды уақтылы қабылдамау және уәкілетті органдардың талаптарын елемеу жағдайлары анықталды», – делінген прокуратура хабарламасында.

Алатау ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша Алматы қалалық сотының қаулысымен жеке сот орындаушысы мемлекеттік лицензиясынан айырылды.

Фото pexels.com

Тағы да оқыңыз: