Kyzylorda-news.kz.  Бүгін таңда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кеткен болатын. Артынша радардан жоғалып кеткен «Бек Эйр» әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырағаны мәлім болды,.

«Бек Эйр» әуе компаниясының ұшағы әуежайдың сыртқы аумағына құлады. Тірі қалғандар бар. Оқиға орнында шұғыл қызметтер жұмыс жүргізіп жатыр. Айта кетейік, бұған дейін бортта 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Әуежай штаттық жағдайда жұмыс істеп жатыр, барлық рейстер кесте бойынша орындалуда» деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

«Алдын ала деректерге сәйкес, 9 адам қаза тапты. Жарақат алғандардың саны 9 адам, оның алтауы – бала» делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар комитеті қаза тапқан адамдардың саны артуы мүмкін екендігін жасырмайды.

Тағы да оқыңыз: