Kyzylorda-news.kz. Полиция қызметкерлері “Бұқар жырау” тұрғын үй кешенінен оқ жаудырған ер адамға қатысты жаңа деректерді жариялады, деп хабарлады Polisia.kz сайты.

Күндіз 56 жастағы ер адам күзетшінің аяғына оқ атты. Күдікті оқиғадан соң сол тұрғын үй кешенінде орналасқан пәтерге тығылды. Полиция онымен бірнеше сағат бойы келіссөз жүргізді, оған полицейлер, прокурорлар мен оқ атушының таныстары жұмылдырылды.  

Алайда ол келісімнен бас тартып, есік жаққа оқ атуды жалғастырды. Баспалдақ алаңына қарай 30-ға тарта оқ атты.

Осыдан кейін полиция департаменті арнайы жасағының күшімен күдіктіні ұстау туралы шешім қабылданды. Алайда шабуылдың қажеті болмады.

Күдікті қолындағы қарумен бірге 17-қабаттағы пәтердің терезесінен секіріп кетті.

Арнайы операция кезінде арнайы жасақтың қызметкерлері оқ атқан жоқ, адамды өлтірмейтін құралдар, яғни шу мен газ гранаталары қолданылды.

Тергеу барысында күдікті Ресей Федерациясының азаматы қолданған қарудың кімге тиесілі екені анықталады.

Тағы да оқыңыз: