Kyzylorda-news.kz  Алматыда медицина қызметкері жедел жәрдем көлігінде ес-түссіз жатқан науқасты жарты миллион теңгеге тонап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  хабарлайды.

Денсаулығы нашарлаған әйел шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Сонда науқастың ұлы анасының мойнында құны 500 мың теңге тұратын алтын алқаның жоғын байқаған. Ол полицияға арыз жазған. Тәртіп сақшылары жедел жәрдем көлігіндегі бейнекамераны тексергенде науқастың мойнындағы алқаны фельдшердің шешіп жатқанын көрген. 

Медицина қызметкері жанында адамдардың жоқтығын пайдаланып алтын алқаны шешіп алып, оны ломбардқа өткізіп жіберген. 

Соңғы ақпараттарға сенсек, науқастың қазіргі жағдайы жақсы. Ұрланған алқа да иесіне қайтарылды. Ал ұрлық жасаған фельдшер шұғыл түрде жұмыстан шығарылды.

“Аталған факті бойынша Түрксіб аудандық ішкі істер бөлімі қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігіне сәйкес (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Сол күні фельдшер ұсталып, бейнежазба тәркіленіп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді”, – деді Түрксіб ауданы прокуратурасының бөлім бастығы Адлет Қуандықов.

Фото: Видеодан скрин

Тағы да оқыңыз: