Kyzylorda-news.kz  Ер адамның балаға күш көрсетіп жатқан видеосы “Не молчи” Instagram парақшасында жарияланды. Оқиға 23 шілде күні сағат 16:36 шамасында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

“Ол жан-жағында адамның жоқ екеніне көз жеткізіп, шімірікпестен 10 жастағы балаларды ұрып, тепкілеп жатыр”, – делінген желідегі жазбада.

Парақша жазбаның астына Алматы қаласының полициясын белгілеп, болған жағдайға пікір білдіруін сұрады.

“Аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция ер адамның кім екенін анықтап, бөлімшеге жеткізді”, – деді полиция департаменті Tenginews.kz -ке берген жауабында.

Ведомство ер адамның бұл әрекетіне құқықтық баға берілгенін мәлімдеді. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр.

Тағы да оқыңыз: