Kyzylorda-news.kz Алматыда орын алған қатты дауыл кезінде ұшақтың сәтті қонуы туралы видео әлеуметтік желіде кең таралып жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ
Бейнежазбаның біреуі жерден түсірілсе, екіншісі Душанбе-Алматы рейсінің бортында жолаушылар тарапынан түсірілген.
Душанбе-Алматы рейсінің бортында түсірілген видеода ұшақ ішіндегі жағдайды анық көруге болады: адамдардың толқып, шулағаны, ал кейбір балалардың қорқыныштан жылағаны естіледі.
Жолаушылардың эмоциясы дауыл кезіндегі ұшақтың әуежайға жақындау сәтінің қаншалықты күрделі болғанын көрсетеді.
Жерден түсірілген видеода ұшақтың қатты желдің әсерінен әуеде шайқалып тұрғаны байқалады. Көпшілік үшін бұл көрініс үрей тудырса да, ұшақтың сәтті қонғаны бәрінің көңілін орнына түсірді.
Бұл жағдай ұшқыштардың тек техникалық білім мен тәжірибенің ғана емес, сонымен қатар қиын сәттерде сабырлық сақтап, дұрыс шешім қабылдай алу қабілетінің маңызды екенін көрсетті. Дауыл кезінде ұшақ басқару – авиация саласындағы ең қауіпті сынақтардың бірі.
Фото: Видеодан скрин