Kyzylorda-news.kz  Әлеуметтік желіде Алматыда әйелді аяусыз соққыға жыққан видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кадрлардан әйел мен ер адамның алдымен сөйлескенін, содан кейін ер азамат жұдырығымен әйелді ұрып соққанын байқауға болады.

Алматы полиция департаменті Әуезов ауданында сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілгенін, мән-жай анықталып жатқанын хабарлады.

“Қылмыстық іске қатысы бар тұлғалар полицияға жеткізілді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстауда ер адамның әйелін балалар алаңында соққыға жыққаны туралы жазған едік.

Полицияның мәліметінше, оқиға 7 сәуір күні Маңғыстау облысында болған.

Видеодан әйелдің жанында баласының ойнап жүргенін көруге болады. Ер адам әйеліне жақындап, жұдырығымен соққы жасайды. Сосын жағасынан ұстап, итеріп жібереді, әйел жерге құлайды.

Құқық бұзушы анықталып, Мұнайлы аудандық полиция бөліміне жеткізілген. 

Фото: Видеодан скрин

Тағы да оқыңыз: