Kyzylorda-news.kz   Алматыда автобус апатына себепкер болған жүргізуші әйел ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Алматыда Мақатаев пен Масанчи көшелерінің қиылысында автобус апатына себепкер болған жүргізуші ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – делінген полицияның хабарламасында.

Полиция автобустың қандай жылдамдықпен жүргенін анықтау үшін сараптама тағайындалғанын атап өтті.

Оқиға салдарынан зардап шеккен алты адам қалалық ауруханаларға жатқызылды.

“Науқастардың аяқ-қолдары сынған. Олардың барлығына қажетті ем-дом тағайындалып, тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық емдеуге жіберілді", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, Алматыда 18-автобусқа жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапты. 

Фото видеодан алынды

Тағы да оқыңыз: