Kyzylorda-news.kz  Ауа райына байланысты Алматы халықаралық әуежайында бірқатар рейс кешігіп ұшады, – деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұл туралы Алматы әуежайының баспасөз қызметі мәлімдеді. Ұшу уақыты кейінге шегерілген рейстер қатарында «Алматы-Астана», «Алматы-Шымкент» және өзге де бағыттар бар.

– 2025 жылдың 8 қаңтарында қолайсыз ауа райы жағдайларына (қар жауу, тұман) байланысты кейбір ұшып кету рейстері кейінгі уақытқа ауыстырылды, – деп хабарлады әуежайдан.

Еске салайық, бұған дейін төрт облыста көлік қозғалысы қайта жанданатынын жазғанбыз. 

Сондай-ақ Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшкенін жазған едік.

Фото: Мухтор Холдорбеков (Казинформ)

 

Тағы да оқыңыз: