Kyzylorda-news.kz. Міне, 2020 жыл да аяқталып, Жаңа жылға қадам басқалы тұрмыз. Биылғы жыл тек қазақ еліне ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлемге оңай тиген жоқ. Осындай қиын-қыстау кезеңде жүйелі жұмыс нәтижесін көрсеткен мекемелер жетерлік. Солардың қатарында халықтың жанынан табылып, олардың әлеуметтік жағдайына барынша қолдау білдірген – «Halyk Bank».

Карантин мен қатаң локдаундарға қарамастан «Halyk Bank» барлық санитарлық талаптарды орындай отырып өз жұмысын тоқтатқан емес.  «Covid-19» коронавирустық инфекциясының жаһандық пандемиясында «Halyk Bank» жұмысы жаңа талаптарға сәйкес өзгерді. Әсіресе, онлайн қызметтердің халыққа қолжетімділігі артты.

Жыл аяқталар тұста, банктің жұмысы мен қазіргі таңдағы тиімді бағдарламалары туралы халыққа ақпарат беруді жөн көрдік. Осы орайда «Kyzylorda-news.kz» ақпараттық агенттігінің тілшісі «Halyk Bank» Қызылорда облыстық филиалының директоры Данкенов Алмат Ерғабылұлымен сұқбаттасқан болатынбыз.

  • Алмат Ерғабылұлы, «Halyk Bank» елімізде алғашқылардың бірі болып құрылған банк. Осы банктің еліміздің қаржы нарығында алатын орны қандай? Әңгімемізді осыдан бастасақ…

  • Айта кеткен жөн, «Halyk Bank» 97 жылдан бері өз клиенттерінің игілігі үшін табысты жұмыс істеп келе жатқан Қазақстан Республикасының ірі, әрі ең сенімді коммерциялық банкі болып есептеледі.

«Halyk Bank» 2019 жылдың 20 маусымында танымал “EMEA Finance” халықаралық аналитикалық журналының “Europe Banking Awards 2018” жыл сайынғы іріктеу нәтижелері бойынша “Қазақстандағы үздік Банк” атағына ие болды.

  • Пандемия кезінде несиесі бар халықтың қарызын өтеуі кейінге шегерілді. Сол уақытта «Halyk Bank» қанша адамға жеңілдік жасады? Кім ұтты, кім ұтылды?

  • «Halyk Bank» Қазақстанның жетекші қаржы институты болып табылады және елімізде төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты біздің отандастарымыз тап болған жағдайға жанашырлықпен қарады. «Halyk Bank» Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің шараларын қолдауды өзінің борышы деп санайды. Соған байланысты біздің Банк төтенше жағдай режимі кезеңінде кредит бойынша төлемді кейінге қалдыруға келіп түскен өтініштерді қабылдауды бастады. Біздің филиал бойынша 79 477 клиенттердің өтініші бойынша несие төлеу мерзімі кейінге қалдырылды. Бұл жерде кімнің ұтылғаны, ұтқаны жөнінде айтылмайды, себебі бұл қиын уақытта жұмыс орындардың уақытша жабылуына байланысты халық жалақысыз қалды. Мұндай қиын уақытта банк тұтынушылары үшін осындай көмек қажет болды деп ойлаймыз.

  • Банктің қазіргі таңдағы ахуалы жөнінде айтып өтсеңіз. Әлемді шарпыған індеттің банкке қандай да болмасын салқыны тиді ме?

  • «Halyk Bank» – елдің жетекші банкі. Өзінің барлық ресурстарын, соның ішінде төтенше жағдай мен карантин режимінде жұмыс істеу үшін бөлімшелер мен қашықтықтан қызмет көрсету қызметтерін жұмылдырды. Біз осы күрделі кезеңде банктік сервистер мен қызметтердің үздіксіз және нақты жұмыс істеуінің маңыздылығын түсіндік. Сондықтан «Halyk Bank» өз тұтынушылары үшін банктік қызметтер мен операциялардың қолжетімділігі мен жайлылығын басты басымдық ретінде қойды. Сол себепті, бізге бұл індет қандай да болсын салқындығын тигізбеді, керісінше барынша ыңғайлы қызметтерді дамытып, халыққа қолайлы жағдай туғызды.

  • Карантиннен кейін қандай өзгерістер бар? Онлайн қызмет туралы айтып өтсеңіз…

  • Карантиннен кейін банк сервисінде біршама өзгерістер болды. Онлайн қызметінің сапасы артты деп сенімді айта аламыз. Оған себеп, бүгінгі күнде Банктің «HomeBank» қосымшасында клиенттер үшін көптеген онлайн-сервистерді іске асырып, онда әркім өзіне онлайн режимінде ыңғайлы төлемдерді, аударымдарды және де тағы да басқа көптеген қызметтерді таба алады.

  • Онлайн қызметке халықтың сұранысы қаншалықты деңгейде?

  • Онлайн қызметтіндегі жаңа жобаларды Банк клиенттері белсенді пайдаланды. Алайда халықтың онлайн қызметке деген сұранысының ауқымды өсуі карантин уақытынан басталды. «Halyk Bank» өз кезегінде клиенттердің қажеттіліктерін назарға ала отырып және клиенттерімізге ыңғайлы сервистерді ұсына отырып, банк өзінің «HomeBank» қосымшасында онлайн-қызметтерді ұлғайту үшін үнемі жұмыс жасауда. Осыған орай қашықтықта жұмыс жасау айтарлықтай өсті.

  • Қазіргі таңда «Halyk Bank»-тің өзге екінші деңгейлі банктерден айырмашылығы неде? «Halyk» халыққа жақын ба?

  • «Halyk Bank» елдегі ең дамыған желіге, сондай-ақ халық тарапынан ең жоғары сенім факторына ие банк. Елдің зейнетақысы мен әлеуметтік қызметтердің басым бөлігі Halyk Bank арқылы орындалуда. Сондай-ақ, Halyk Bank басқармалары еліміздің әр аудан орталықтарында өз қызметтерін көрсетуде.

Әлбетте, «Halyk Bank» өз клиенттерін жоғары бағалайды. Бұл дегеніміз банктің халыққа жақын екендігін көрсетеді деген сенімдемін.

  • Ел арасында «Halyk Bank» карточкадағы қалған ақшаңды жоғалтады, өз қызметтеріне де комиссия ұстайды» деген секілді көңіл толмаушылық бар. Осы жөнінде не айтасыз…

  • Бұл тұжырым  дұрыс емес.  Әрбір түскен немесе аударылған ақшалардың қайда кеткенін шот көшірмесінен көруге болады. Шот көшірмесін банктің кез келген бөлімшелерінен не болмаса «HomeBank» қосымшасынан алуға болады. Иә, біз екінші деңгейлі Банк коммерциялық мекеме болғандықтан, банктің карталық қызметтерге ұстайтын комиссиялары болады. Алайда жаңадан ашылған карталарға бірінш жыл тегін қызмет көрсетіледі. Сондай-ақ, 2020 жылдың қараша айынан бастап жаңадан ашылған карталар бойынша өзгеде аударымдарды 300 000 теңгеге дейін комиссиясыз қолма-қол  алуға болады.  Бұл карталарды банк бөлімшелерінен бірден алуға немесе «HomeBank»  қосымшасы арқылы тұрғылықты мекен жайға дейін жеткізу қызметімен тапсырыс беруге болады. Банктің барлық комиссияларының тізімі ресми электрондық парақшаларда анық көрсетілген.

  • «Halyk Bank»-тен пәтерлер ұтыс ойыны ойнатылып жатыр. Ойыннан олжалы болғандар бар ма?

  • Мұндай ауқымды «Ай сайын пәтердің ұтыс ойыны» акциясы Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр. Акцияға қатысу арқылы Алматы қаласы «Хан-Тәңірі» тұрғын-үй кешенінде 3 жаңа пәтердің бірін ұтып алу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл акцияға қатысу үшін клиент 2020 жылдың 7 қыркүйектен 20 желтоқсанға дейінгі кезеңде келесі 2 талапты орындау қажет. Атап айтар болсақ, бірінші шарты несие алу немесе бөліп төлеуді рәсімдеу қажет. Екіншіден, «HomeBank» қосымшасы арқылы қызметтерге төлемдер жасау қажет. Алғашқы жеңімпаз – Алматы облысы, Қарасай ауданы, Ұлан ауылының мұғалімі болды. Ал екінші жеңімпаз – Шымкент қаласының мұғалімі болды. Үшінші пәтердің Қызылорда облысының «Halyk Bank» тұтынушыларына бұйырсын деген ниетпен, ұтыс ойынының үшінші кезеңінің жеңімпазы болуына тілектеспіз.

  • Банктің келер жылы халыққа жағымды жаңалығы қандай?

  • Банк келесі жылға жақсы жаңалықтармен халықты қуантады деген ойдамын. Барлығы клиенттер үшін әзірленуде. Жаңа қызметтер мен сервистер, тұтынушыларымыз әлемнің қай елінде жүрсе де 24 сағат бойы «HomeBank» қосымшасы арқылы банктің кез келген операцияларын іске асыра алуы осыған дәлел. Сонымен қатар, алдағы жылда көптеген ауқымды жобалар қарастырылып отыр.

  • Сұқбатыңызға рақмет!

Сұқбатты жүргізген Динара МАХАНОВА

Тағы да оқыңыз: