Kyzylorda-news.kz Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары А.Балаеваның төрағалығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігінің 2025 жылдың қорытындылары және 2026 жылға арналған міндеттер мен басым бағыттар белгіленген кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.
Алқа мәжілісінде ведомство басшысы А.Ертаев халықтың әлеуметтік қорғалуына назар аударып, сапалы жұмыс орындарын ашу, еңбек ұтқырлығын арттыру, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсізідігі жүйесін нығайту, әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру министрліктің стратегиялық бағыты ретінде айқындалғанын атап өтіп, бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.
Атап өту керек, биыл Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетімен аумақтық департаменттерінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Жұмыс жоспарда негізінен өндіріс орындарында жұмыс істейтін азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбек қатынастарын цифрландыру, Бірыңғай цифрлық платформаны қалыптастыру бойынша әлеуметтік сала мекемелерінің (денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, әлеуметтік қорғау мекемелері) штаттық кестелеріне сәйкес деректерді толық енгізуді аяқтау жұмыстары бар.
Сонымен қатар еңбек тәуекелдер картасындағы болжамды тәуекелі бар кәсіпорындармен жұмыс жүргізу, «Парыз» жұмыс берушілер конфедерациясымен, салалық кәсіподақтармен және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасымен ынтымақтастықты арттыру міндеті тұр.
Жалпы, үстіміздегі жылы министрлік және комитетпен жүктелген басым бағыттар мен жоспарлы міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету негізгі жұмыстарымыздың бірі болмақ.
Б.Жұмағұл,
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрілігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы
комитетінің Қызылорда облысы бойынша
департаментінің басшысы
