Kyzylorda-news.kz. Қызылордада түзеу мекемесінде «Алғыс айту күні» мерекесіне орай  сотталғандардың туыстарына арналған ашық есік күні өтті.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде  «Ашық есік» күні өтті. Бұл күні аталған мекемедегі   сотталғандар жақындарымен жүздесіп, қуанышқа бөленді.  

«Алғыс айту» мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған «Ашық есік» күні жазасын өтеп жатқандар да, олармен қауышуға келген туысқандары да қуаныштарын жасырмады.

«Сейсенбі күні ұйымдастырылған «Ашық есік» күніне сотталғандардың ата-аналары, туған туыстары келді. Шараға келген ата-аналар тек жақындарымен кездесіп қана қойған жоқ, олардың жатын және демалатын орындары, бос уақытын өткізетін кітапхананы, тамақтану орны асхананы аралып, мекеменің тыныс-тіршілігімен танысты. Сотталғандарға «Ашық есік күнін» өткізу туралы хабарлағанымда, олардың жүздерінен шынайы қуанғандарын байқадым. Мен үшін бұл біздің қызметіміздің тиімділігінің ең жақсы көрсеткіші, өйткені туыстарымен байланыста болу – сотталғандарды түзетуге, тез бостандыққа шығып, туыстарына оралуға ынталандыратын тәрбие жұмысының әдістерінің бірі – дейді тәрбие бөлімінің бастығы әділет майоры А.Уайдаев.

- Баламмен қауышып, жағдайын білдім. Таксофон және бейне қоңыраулар арқылы араласып жатсақ та, көзбе-көз кездесуге еш нәрсе жетпейді. Жатын орнын, ас ішетін жерін, бос уақытын қайда өткізетінін барлығын өз көзіммен көріп көз қуаныш болдым. Осы орайда бүгінгі «алғыс айту» күніне орай ұйымдастырып отырған Департамент пен мекеме басшылығына, сондай-ақ осы іс-шараны ұйымдастыруға қатысқан барлық қызметкерлерге алғысым шексіз»,- деді жазасын өтеушінің анасы.

d9ad2964-5742-458b-a307-a2d1479ca153.jpg

 

6f5ff24e-7179-4d18-80bb-98cf0e36eeed.jpg

Тағы да оқыңыз: