Алғашқы медициналық ұйымдарға қалай тіркеледі? – Kyzylorda News
Басты бет

Алғашқы медициналық ұйымдарға қалай тіркеледі?

15.09.2021, 15:00

258 0

Kyzylorda-news.kz. 15 қыркүйекте Қазақстанда амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарға еркін тіркелу науқаны басталды. Біз ең көп таралған сұрақтарға жауап дайындадық.

  •      Тіркелуге қабылданған өтініш қанша уақыт ішінде қаралады?

Азамат электрондық үкімет порталы арқылы бекітуге өтінім берген кезде бекіту немесе бекітуден дәлелді бас тарту 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

  • Неліктен үйге жақын емханаға тіркелу маңызды болып саналады?

Біріншіден, бұл үйіңіз бен емхананың ортасында 15-20 минуттық жая жүруге болатындай қашықтықтағы медициналық көмекке қолжеткізу.

Екіншіден, үйде көмек алу, соның ішінде қажет болған жағдайда дәрігерді немесе мобильді бригаданы шақыру мүмкіндігі болып табылады.

Барлық емханалар аумақтық қағидат бойынша жұмыс істейді және пациент емхананың қызмет көрсету аумағында тұрған кезде ғана үйде медициналық көмек көрсетіледі.

  • Мен бір уақытта бірнеше емханаға тіркеле аламын ба?

Сіздің тек бір емханаға тіркелу мүмкіндігіңіз бар, өйткені бекіту сіздің ЖСН жеке нөміріңіз бойынша жасалады. Ал, сізді бұрынғы емханадан босату автоматты түрде жүзеге асырылады.

  • Егер мен тіркеу науқаны кезінде өтініш бермеген болсам не болады?

Бұндай жағдайда сіз бұрын өзіңізге қызмет көрсетілген емханада тіркелген болып қаласыз.

  • Аталған науқан  кезінде мен басқа емханаға тіркелуге өтініш бердім, ол жерде медициналық көмекті қай уақыттан бастап алуға болады?

Келесі жылдың 1- қаңтарынан бастап аласыз. Ағымдағы жылдың соңына дейін сіз өзіңізге бұрын қызмет көрсетілген емханада медициналық көмек алуды жалғастыратын боласыз.

  •         Қандай жағдайларда мені емханаға тіркеуден бас тартуы мүмкін?

Жалған ақпарат ұсынған уақытта;

Пациенттің нақты тұру мекені емхананың қызмет көрсету аймағынан тыс жерде орналасқандығы анықталған кезде;

Бекітілген халық саны жалпы практика дәрігеріне 1,7 мың адамнан,  учаскелік педиатрға 0-ден 6 жасқа дейінгі 500 баладан, 0-ден 14 жасқа дейінгі 900 баладан асқан кезде;

Тіркелген тұлғаның заңды өкілдігін растайтын құжат болмаған кезде.

  •          Емханаға бекітілу қандай НҚА бойынша реттеледі?

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылдың 13-қарашасындағы  № ҚР ДСМ-194/2020 «Жеке тұлғаларды МСАК ұйымдарына тіркеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен реттеледі

0

Пікір қалдыру