Kyzylorda-news.kz. Алдашбай ахун ауылы ауданымыздағы байырғы елді мекендердің бірі. Ол аудан орталығынан 160 шақырымда орналасқан. Халық саны 168 отбасында 680 жан тұрады. «Майлыөзек и К» ЖШС, №111 орта мектеп, бөбекжай-бақша, фелдьшерлік пункт, клуб үйі, мешіт тұрғындарға қызмет көрсетуде. 

Сонымен қатар, ауыл тұрғындары меншігінде 943 бас мүйізді ірі қара, 419 бас жылқы, 3891 бас уақ мал, 854 түрлі құс өсірілуде. Кәсіпкерлік саласының жұмыспен қамтуда маңызды екені даусыз. Осы ретте, ауылдық округте жұмыссыздық деңгейін азайту, тұрғындар арасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ауыл әкімшілігі қызметкерлерінің табанды түсіндірме жұмыстарының арқасында Рүстем Оңайсынов есімді азамат «Жылқы малын көбейту» бағыты бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы несие алса, 7 көпбалалы ана және 1 жас тұрғын қайтарымсыз несие грантын жеңіп алып, кәсіптерін бастап кетті.

Сондай-ақ Алдашбай ахун ауылында тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Су қабылдайтын құрылғыны қайта құру» жобасы іске қосылғаны белгілі. Бұл биылғы жылы ауылда жүзеге асатын жобалардың бірі әрі бірегейі болды. Биылғы жылы Алдашбай ахун ауылындағы спорт алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, аудандық бюджеттен ауылдың электр желілерін жаңғырту және қосалқы станциясын кеңейту, 3 көшені орташа жөндеуден өткізу үшін жоба сметалық құжаттарын әзірлеуге, сараптамадан өткізуге қажетті қаржылары қаралып отыр.

Атап айтар болсақ, осы жылға 5 жобаға 42 616,2 мың теңге бөлінді. Оның ішінде облыстық бюджеттен 22 160 мың теңге қаралды. Жекелеп тоқталсақ, Алдашбай ахун елді мекеніндегі су құбыры ғимараттарын қайта жаңғырту үшін 229,7 млн. теңге болса, аудандық бюджеттен 16 300,2 мың теңге қаралды. Елді мекендеріне электр желілерін  жаңғырту және қосалқы станциясын кеңейту жобасына сараптама қорытындысымен жоба-сметалық құжаттама әзірлеу үшін 5 000 мың теңге, ауылдық округіндегі 3 көшеге орташа жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірлеу және  сараптамадан өткізу жұмыстарына  (Ә.Егізбаев, Түпбөгет, Ынтымақ) 4 281,2 мың теңге, ауылдағы спорт алаңын ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін 7 019 мың теңге қарастырылған. Төртінші деңгейлі бюджет есебінен 4 156 мың теңге бөлінді.  Елді мекенді көгалдандыру мақсатында (аяқ су жіберу жұмыстары) 4 156 мың теңге қаржы қаралды.

Тағы да оқыңыз: