Kyzylorda-news.kz. «Қызылдихан» колхозының құрылғанынан бастап, өркендеу жылдарына дейінгі аралықты қаншама адам еңбек етті. Осы тұста, бүгінгі өрісі ке-ңейген шаруа қожалық жұмысын жандандыруда еңбеккерлердің тынымсыз жұмысы нәтижесін беруде. Соған байланысты шаруа қожалықтың төрағасы Алданберген Құлбаевқа арнайы сұрақтарымызды қойып, іргелі шаруашылықтың кәнігі мамандары жөнінде сұраған едік.
– Алданберген Бодыбайұлы, жұртшылық Сіздің осы өңірге жасаған еселі еңбегіңізді жоққа шығармайтыны анық. Сол себепті де ең алдымен қызметкерлер жөнінде емес, өзіңізге қатысты сауал қойғымыз келіп отыр. Сіздің шаруашылық жұмысын қалай жандандырғаныңызды білеміз. Енді өзіңіздің ататегіңіз туралы айтып берсеңіз?
– Мен қарапайым теміржолшының баласымын. Әкем Бодыбай теміржол саласында еңбек еткен. Бізді жетілдіріп, жастайымыздан еңбекке араластық. Біз – әулие кісі болған Қарамырзаұлы Дүйсек қажының ұрпағымыз. Ол кісі қазақ халқына қызмет етіп, ықыласқа бөленген тұлға. Негізінен, ертеректе қазақ елінен қажылық өтеуге Меккеге жермен барған үш адам бар. Оның біріншісі Құнанбай қажы болса, екіншісі – Ақмешіттің қазығын қаққан, Сыр өңіріне белгілі Мырқы деген кісі. Ал үшіншісі – біздің бабамыз Дүйсек қажы. Бұл кісілердің есімі қасиетті Түркістан өңіріндегі Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жазулы тұр. Дүйсек қажыдан Құлбай, Құлбайдан Әбжәли, Бодыбай, Кәмәли тарайды. Әбжәлиден Тынысбек және Серік, ал Бодыбайдан Айтбай ағам екеуміз тараймыз.
Дүйсек қажы 1830 жылы туған. Дін жолында қызмет етіп, Меккеге барған. Бір үйір жылқы, бір отар қоймен оншақты үй көшіп-қонып отырып, 10-12 айдың ішінде қажылық өтейтін болған. Ол кісілер жаз жайлауда Нұра бойында тұрақтайтын болса, қытымыр қыста Сыр өңірін қыстаған. Бабамыз 5 әйел алған. Оның ұрпақтарының үлкені – Жәкей. Жәкейден Малбағар, Малбағардан Жақсыбай туады. Жәкеев Жақсыбай – қазір біздің үлкеніміз. Ал екінші әйелінен біздің атамыз Құлбай туған. Ал үшінші әйелінен Кен-жеғұл атамыз туылады. Осы үшеуінен ұрпақ бар. Дүйсек қажы 1922 жылы 92 жасында өмірден өткен. Ол кісінің жерленген жерін ұрпақтары көп жылдан бері іздестіргенбіз. Содан бізге Батыс өңірінен Дүйсек қажының бейіті Ырғыз ауданының арғы жағында орналасқаны жөнінде және оның құлап жатқаны туралы хабар жетті. Соған байланысты жуырда Жәкеев Жақсыбай, Кенже-ғұлов Өмірбек үшеуміз баба басына бардық. Бабамыз Әйтеке би ауданының Аққұм атындағы ауылдан 25 шақырым жерде, Қарақай өзенінің жоғарғы тұсында жатыр екен. Бір ғасыр бұрын салынған бейіттің құлаған жерлерін қайта өргізіп, белгі қойдық. Сол өңірдегі тұрғындарға арнайы ас беріп, Құран бағыштадық. Бір қызығы, сол жерге жақын маңайда Әбілхайыр ханның кесенесі орналасқан. Оған арнайы баруға уақытымыз тығыз болды. Десе де мұның астарында тарихи сабақтастық бар екені анық. Біздің ататегіміз осылай өріледі.
– Енді шаруашылыққа қатысты сауалға көшсек. 2008 жылы шаруа қожалық тізгінін қайта қолға алу қаншалықты қиын болды?
– Маған ауылдың адамдары келіп, шаруашылық жұмысын қайта жандандыруға өтініштерін білдірді. Сол бойынша 2008 жылы «Қызылдихан-ға» келдім. Әрине, ол кезеңдерді қазір айту оңай. Бірақ нақ сол шақтың ауырт-палығы өте қиын болды. Техника дейтін техника жоқтың қасы, қызметкерлер жан-жаққа кеткен. Қарызға батқан, табысы жоқ. Содан барлығын 0-ден бастауға тура келді. Инвестор таптық, марқұм Өтебай және тағы бір-екі маман-мен жүріп, кадрларды жасақтай бастадық. Шаруашылық есепшісіне Ақша-гүлді алдырдық. Құмкөлде, Жалағашта жүрген ауыл адамдарын жұмысқа тарттық. Алғашқы жылы егін егілген жоқ, ал келер жылғы көктемде егістік жерлерге күріш дәні себілді. Аяқтан тұрғанша бар жұмысты үйлестіре білдік. Несібемізге орай, егін еккен жылдары мол өнім алып отырдық. Оның шаруа-шылық әлеуетінің жақсаруына сеп болды. Содан жұмыс жүйеге келді, ақы-рындап техникалар жаңалана бастады. Шаруалар да еңсе тіктеді. Аудан, облыста алдыңғы қатардан көріне бастадық. Мұның барлығы – қызылдихан-дық еңбеккерлердің ерен еңбегінің нәтижесі. Қазір шаруашылықтың әлеуеті артты. Жыл сайын мол өнім алынып, қызметкерлер жағдайы жақсарды. Тех-никалар жаңарды, қырман салынды. Бұл ғасырға жуық тарихы бар «Қызыл-диханның» айтулы жетістігі екені сөзсіз.
– Шаруашылық жұмысында еңбеккерлер еңбегі ерен екенін айт-тыңыз. Осыған арнайы тоқталып өтсеңіз.
– Иә, шаруашылық жұмысында қажырлы еңбек етіп, күндіз-түні тыным таппайтын майталман мамандарды ерекше атап өткен жөн. Олардың қата-рында агроном, диқандар, механизаторлар көп. Мәселен, егін егу ісінде Жан-келді Смайлов – кәнігі маман. Бірнеше жыл қатарынан озат болды. Ал Бауыр-жан Қоқымбаевтың күріш егу ісіндегі жұмысына көңілің тояды. Оған тиесілі жерден бұрындары егін шығымдылығы аз болатын. Ал қазір диқан мол өнім алып келеді. Ол облыс, аудан озаты ретінде үлгі етіліп жүр. Талғат Қожабаев, Ерлан Жүсіпбаев, Садық Маханов, Жылқыайдар Бәйімбетов, Әбу Үсенбаев секілді диқандар барда шаруашылық қамбасы астықпен көмкеріле береді. Себебі, маңдайалды диқандардың ала жаздайғы егінді күтіп-баптау жұмысына жауапкершілік танытып, үнемі егістік басынан табылады. Олар өзінің жұмыстарын жақсы біледі.
Ерте көктемнен егін егу жұмысында, оны ысырапсыз жинап алуда майталман механизаторлардың қызметі зор. Егістік жерлерді айдауда, егінге дайындауда Қайрат Қалиев жанкештілік танытады. Ал тұқым себу ісінде механизатор Әбілдә Жаманқыз ерекше ептілік көрсетеді. Егін егіліп болып, оған қосымша күш беру үшін тыңайтқыш себіледі. Міне, осы жұмысты атқаруда Серікбол Бекішовтен асатын маман жоқ. Көк трактор тізгіндеген маманның кейде «ішек, бүйрегі жоқ па» деп қаласың. Бір тынбайды, тоқтамайды, бір өзі сеуіп шығады.
Берекелі алтын күзде өз ісінің мамандары күріш ору, бастыру жұ-мыстарын жылдам аяқтайды. Механизаторлар Әбсадық Маханов, Жасұлан Нұрымбетов, Руслан Бисенбаев, Әбілда Жаманқыз, Хайрулла Нұрболаттар егінді төкпей-шашпай жинауда ықтияттық танытады. Әбсадық ұлы Алмас екеуі «Магдонмен» күрішті орып тастаса, ізін ала күріш бастыру комбай-нымен Әбілдә, Жасұлан, Русландар күрішті сабағынан айырады. Осылайша, өз ісінің шебері болған мамандардың арқасында жұмыс жыл сайын өніп келе-ді. Олардан бөлек басқа қызметкерлер де өзіне жүктелген міндетті атқарып, шаруашылықтың дамуына үлес қосуда. Сондықтан барлығына шынайы алғы-сымды білдіремін.