Kyzylorda-news.kz. 2020 жылы көппәтерлі тұрғын үйлердің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған тариф төрт есе дерлік азаяды (1 шаршы км үшін 13,3 теңгеге дейін).

Қазір қазақстандықтар пәтердің 1 шаршы метрі үшін 0,02 АЕК төлеуде. 2019 жылы жарна бір шаршы метр үшін 50,5 теңгені (1 АЕК – 2525 теңге) құрады. Алдағы жылы 0,005 коэффициенті және 2 651 теңге АЕК болған жағдайда жарна 13,3 теңгеге дейін азаяды, деп хабарлады krisha.kz.

Мысалы, 45 шаршы метр болатын бір бөлмелі пәтер үшін қолданыстағы тариф бойынша ай сайын 2 525 × 0.02 = 50.5 × 45 = 2 272.5 теңге төлеу керек болды. Өзгерістерден кейін төлем 2 651 × 0.005 = 13.3 × 45 = 598.5 теңгені құрайды.

Тұрғындардың өтініші бойынша тарифті көтеруге болады. Мұндай шешім КСК мүшелерінің немесе белгілі бір үйдің жалпы жиналысында қабылданады. Ақшаны жұмсаудың ашықтығы үшін әр объект үшін жеке шоттар ашылады: ағымдағы және жинақ.

Айта кетсек, Қазақстанда күрделі жөндеуге арналған жинақтау жүйесі 2011 жылдан бастап жұмыс істейді.

24.kz

Тағы да оқыңыз: