Kyzylorda-news.kz. “Қазгидромет” синоптиктері 31 мамыр мен 1-2 маусымдағы ауа райын болжады.
“Мамырдың соңғы күні Қазақстан аумағының басым бөлігі Сібірдің үстіндегі циклон жырасының ықпалында болады. Найзағай ойнап, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Республика бойынша жел күшейеді”, – делінген хабарламада.
Алайда метеорологтар 1 маусымда Батыс Қазақстанға Солтүстік антициклон әсер ете бастайтынын, ол республика аумағы арқылы шығыс бағытқа ауыса отырып, жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына және температураның көтерілуіне алып келетінін айтты.
“1-2 маусымында еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді деп болжанады”, – дейді синоптиктер.