Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет 18-20 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Синоптиктердің хабарлауынша, алдағы күндері еліміздің солтүстігінде аяз, ал батысында жауын-шашын болады.

Жақын арада Қара теңіз аудандарынан келетін батыс антициклоны, Қазақстандағы ауа райына әсер етеді. Циклон еліміздің солтүстігіне аяз алып келеді, жауын-шашын басылады.

Ал Қазақстанның батысына қарай Мурманск аудандарынан циклон келе жатыр. Онда жаңбыр мен қар, екпінді жел мен көктайғақ құбылыстары күтіледі.

Солтүстік-батыс, солтүстік өңірлердегі термометр бағаны түсіп, температура түнде 10-25 аяз, батыста 5-15 градус суық, оңтүстікте 0-15 градусқа шейін төмендейді.

Тағы да оқыңыз: