Kyzylorda-news.kz. 5-7 қараша күндері республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

5 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында – қалың қар, 6 қарашада Шығыс Қазақстан облысында, 7-8 қарашада республиканың оңтүстік облыстарында – қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Республика бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі, солтүстік жартысында бұрқасын болады.

7 қарашада республиканың батысында жауын-шашын тоқтатылады деп күтілуде.
 

Тағы да оқыңыз: