Kyzylorda-news.kz. Алдағы үш күнде Қазақстанның барлық бөлігі жоғары атмосфералық қысым әсерінде болып, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Тек Шығыс Қазақстан облысында ғана биіктіктегі жылғаның әсерінде қалып, онда 22 мамыр күні аздаған жауын-шашын мен түнде қатқақ сақталады. Иран аудандарынан жылы және құрғақ ауа массалары белсенді жылжып, олармен бірге елімізде ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы, тіпті қатты ыстық күн райы күтіліп отыр.

24 мамыр күні күндіз термометр бағанасы 30-38 градус ыстықты көрсетеді, еліміздің оңтүстік-шығыс, шғыс және орталық бөлігінде күн 25-35 градусқа дейін ысиды. Республиканың жекелеген аудандарында жел күшеюі ықтимал, ал оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл соғады.

Тағы да оқыңыз: