Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 6-8 сәуір күндері ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.
Қазгидромет мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болып, жаңбыр жауады, себебі атмосфералық фронталь бөліктері өтеді.
6-8 сәуірде оңтүстікте, 7-8 сәуірде оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.
7 сәуірде елдің солтүстік-батысында және солтүстігінде Скандинавия өңірлерінен солтүстік-батыс антициклонның басып кіруінің әсерінен ауа температурасы күрт төмендеп, сондай-ақ, жаңбыр аралас қар күтіледі.
"Республикада жел күшейіп, тұман күтіледі. Оңтүстік облыстарда шаңды дауыл соғып, найзағай ойнайды. Солтүстікте, солтүстік-батыста көктайғақ болады. Солтүстік пен солтүстік-батыста ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендейді деп күтіліп отыр. Түнде -12 градус аяз, күндіз 5 аяз болады", - делінген хабарламада.