Алдағы үш күнде 25 градус аяз болады – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Алдағы үш күнде 25 градус аяз болады

13.11.2019, 15:20

304 0

Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі  14-16 қараша аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.

Орал және Батыс Сібір аймақтарынан арктикалық фронттар оңтүстік-шығысқа қарай жылжиды. Салдарынан Қазақстан территориясының кей жерлерінде бұрқасын болады. Солтүстік-шығыс желі күшейеді. Көктайғақ күтіледі.

Ал фронттардың артынан арктикалық теңіз акваториясында қалыптасқан антициклон жылжиды. Соның әсерінен республиканың көптеген облыстарында күн суытады.

Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнгі ауа температурасы – 13 -18, кей жерлерде -20 -25 градусқа дейін төмендейді. Бұл орташа көпжылдық мәннен 4…10°С төмен. Республиканың батысында ғана осы күндері ауа температурасы нормаға жақын және жауын-шашынсыз.

0

Пікір қалдыру