Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданының әкімі Ерлан Төрәлиевтің төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттерді ауданда сапалы іске асыру мәселелері қаралды.

Жолдауда айқындалған ел экономикасын дамыту, ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыру, кәсіпкерлікті қолдау, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, цифрландыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бағыттары бойынша атқарылатын жұмыстарға назар аударылды.

Жалағаш мәжіліс 3.jpg

Аудан әкімі Жолдауда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруда әрбір саланың жауапкершілігі жоғары екенін атап өтіп, жоспарланған жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуы қажеттігін жеткізді.

Мәжіліс қорытындысы бойынша кент және ауылдық округ әкімдеріне, сала басшыларына тиісті бағыттар бойынша хаттамалық тапсырмалар берілді.

Жалағаш мәжіліс 34.jpg

Тағы да оқыңыз: