Kyzylorda-news.kz Арал ауданы әкімінің міндетін атқарушы Е.Әбішевтің төрағалығымен арнайы мәжіліс өтіп, аудан көлемінде халықты жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстардың барысы және «Қарызсыз қоғам» жобасының іске асырылуы төңірегінде бірқатар өзекті мәселелер қаралып, алдағы міндеттер талқыланды.
Жиында аудандық «Мансап» орталығының директоры Ж.Алдашев ауданда жаңа жұмыс орындарының ашылуы және азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі төңірегінде және «Қарызсыз қоғам» жобасының іске асырылуы туралы аудандық отбасын қолдау орталығының директоры Ә.Өтегенов баяндама жасады.
Бұл бағыттағы жұмыстарды жан-жақты саралаған аудан әкімінің міндетін атқарушы Е.Әбішев қала, кент және кейбір ауылдық округтер межелі жоспарды өз деңгейінде орындай алмай отырғанын айтып, жауапты тұлғаларға мәселені қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Жиын соңында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасының іске асырылу барысы төңірегінде бірқатар кемшіліктер назарға алынды. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Е.Әбішев тазалық мәселесінде қатаң бақылау қажеттігін алға тартып, бағдарламаның нәтижелі іске асырылуы көппен бірге болатынын ортаға салды. Бұл бағыттағы жұмыстар бойынша әкімдер мен бөлім басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Фото: Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі