Kyzylorda-news.kz. Өңірде алдағы күндері жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тиісінше, ауа температурасы күндіз -5 градус, ал түнде -10-15 градусқа дейін суытады. Сонымен қатар желдің екпіні күшейіп, секундына 20-25 метрге дейін соғады. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Әйгерім Жөкелова хабарлады.

«Облыста қыс мезгілі соңғы 10 жылмен салыстырғанда өте суық өтуде. Биыл тіркелген ең төменгі температура көрсеткіші  -30 градусты көрсетті. Жалпы желтоқсан айында бізде орташа ауа температурасы -6-12 градусты көрсетіп, жауын-шашын мөлшері шамадан аз түсті. Ал қаңтар айында орташа температура -5-8 градусты көрсетуде. Дегенмен, желдің күшеюі әсерінен ауа темпаратурасы біршама төмендеді. Айдың соңына қарай аяз күшейіп, желдің екпіні жоғарылайды. Алайда ақпан айының басында күн жылынып, ауа темпаратурасы +5+10 градусқа дейін көтеріледі. Бірақ ай ортасында өңірде қалың қар жауып, күн райы күрт сууы ықтимал.  Жалпы әлемдік климаттың өзгеруі салдарынан облыстың ауа райы да жылдан-жылға өзгеруде. Яғни қысы суық, жазы өте ыстық өтуде, - деді Әйгерім Болатбекқызы.

Тағы да оқыңыз: