Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет мамандары алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, жылбысқы қар жауады, қатты жел соғып, ауа райы біршама жылиды. Түнде ғана емес, күндіз де ауа температурасы минус 6… плюс 5 градус аралығында болады.

Бұған қоса, осындай жоғары температура мен жауын-шашын салдарынан көктайғақ және тұман болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста да жаңбыр, жылбысқы қар жауады, күндіз ауа температурасы плюс 5…10°С дейін, оңтүстікте плюс 12…18°С дейін көтеріледі.

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның бүкіл аумағында ауа температурасы климаттық нормадан 8…16°С-қа жоғары болады.

Тағы да оқыңыз: