Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 25-27 сәуірде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.
Қазгидромет мәліметінше, алдағы тәуліктерде атмосфералық фронттар өтуіне байланысты республиканың батысында, оңтүстігінде, солтүстік облыстарында жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыста, шығыста түнде жауын-шашын болады. Елдің қалған бөлігі батыс антициклонының ықпалында, жауын-шашын болмайды.
"Республика бойынша тұман күтіледі. Батыста және оңтүстік облыстарда жел күшейіп, күн күркіреп шаңды дауыл тұрады. Шығыста түнде көктайғақ, күндіз оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз ауа температурасы батыс өңірлерде 23-30-ға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және елдің орталығында 20-27-ге дейін, шығыста 15-23-ке дейін, оңтүстікте 25-33-ке дейін, оңтүстік-шығыста 17-25-ке дейін жылынады", - делінген хабарламада.
