Фото: qazaqstan.tv

Kyzylorda-news.kz.  21-23 желтоқсан аралығында ауа температурасында күрт өзгеріс болмайды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Республиканың солтүстік және шығыс бөлігінде, сондай-ақ орталығында түнде қар, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), түнде солтүстік пен шығыста қатты қар жауады деп болжанып отыр.

23 желтоқсанда атлантикалық циклонның әсерінен Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтілуде.

Республика бойынша көктайғақ, бұрқасын, екпіні 25 м/с-қа дейін жететін жел соғып, тұман түсуі ықтимал.

Дегенмен, ауа температурасында күрт өзгеріс күтілмейді.

Тағы да оқыңыз: