Kyzylorda-news.kz Синоптиктер 17, 18 және 19 тамызда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері республиканың көп бөлігінде ауа-райының тұрақсыздығын сақталады, солтүстік-батыс циклоны синоптикалық жағдайды қалыптастыруды жалғастырады: найзағай соғып, қатты желмен жаңбыр жауады деп күтіледі, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыста 17 және 19 тамызда, ал Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында 18-19 тамызда қатты жаңбыр жауады деп күтіледі.