**[Kyzylorda-news.kz.](https://kyzylorda-news.kz/) Еліміздің солтүстік өңірлерінде түнде температура 2 градусқа дейін төмендейді.** Синоптиктер алдағы 3 күнге арналған ауар райы болжамын жариялады. Ертеңнен бастап орталық, шығыс және батыс аймақтарда күн суытып, жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталық аймақтарда түнде +2,+10, күндіз +13,+18 градус шамасында болады. Республиканың қалған бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз. Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда күндіз ауа температурасы 30-35 градусқа дейін ыстық болады.