Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер Қазақстанда 27-29 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде циклонның және атмосфералық фронталь бөліктердің әсерінен алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 

27 маусымда республиканың солтүстік-батысында, 27-28 маусымда солтүстікте және шығыста, 29 маусымда батыста қатты жаңбыр жауады деп болжанады.

"Елде бұршақ жауып, дауыл және жел күшейеді деп болжанады. Температура күрт өзгермейді, ауа райы салқын болады", - деді синоптиктер.

 

Тағы да оқыңыз: